АҚШ Иранға қарсы санкциялар тізіміне 700-ден астам адам мен компанияны енгізді
(last modified Tue, 06 Nov 2018 11:05:45 GMT )
Қар 06, 2018 17:05 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы санкциялар тізіміне 700-ден астам адам мен компанияны енгізді

Халықаралық келісімдер мен БҰҰ-ның қарарларына қарсы АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы біржақты санкциялар тізімін 700-ден астам адам мен компанияны қосты.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, АҚШ Қаржы министрлігі өз мәлімдемесінде кеше дүйсенбі күні Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз ядролық санкцияларын жаңғырту үшін санкциялар тізіміне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін тізімнен шығарылған адамдар мен компанияларды қайта қосқанын жариялады. Мәлімдемеде Дональд Трамптың екі жылға жетпейтін президенттік кезеңінде АҚШ Қаржы министрлігінің Иранға қарсы санкциялар тізіміне енгізген адамдар мен ұйымдардың санының 900-ден асқаны көрсетілді.

АҚШ Қаржы министлігінің мәлімдемесі бойынша, 50 ирандық банк пен олардың ішкі және сыртқы бөлімшелеріне санкция салынып, сондай-ақ, 200-ден астам адам мен Иранның жолаушы тасымалдайтын және энергетика саласындағы кемелері, «Иранэйр» әуе компаниясы  мен соған қарасты 65 ұшақ санкциялық тізімге енгізілді. Бұдан басқа АҚШ-тың Қаржы министрлігі 250 адам мен олардың есеп-шоттарын санкция салынған шетелдік азаматтардың тізіміне енгізді.