Путин АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын заңсыз деп атады
(last modified Wed, 07 Nov 2018 14:27:47 GMT )
Қар 07, 2018 20:27 Asia/Almaty
  • Путин АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын заңсыз деп атады

Ресей президенті АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын толығымен заңсыз деп атады.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауы бойыннша, Кремль мәлімдеме жариялап, Ресей президенті Владимир Путинның сейсенбі күні Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен өткізген жиналыста АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын талқыға салғанын мәлімдеп, Вашингтонның Теһранға қарсы әрекеттері мен санкцияларын толығымен заңсыз деп атады.

Ресей СІМ Сергей Лавров та өзінің испаниялық әріптесімен Мадридте өткізген ортақ баспасөз конференциясында АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының халықаралық заңдар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне қайшы келетінін мәлімдеді.

Лавров сондай-ақ, Мәскеудің "Ортақ қадам" ядролық келісімі шеңберіндегі өз серіктестерімен ынтымақтастық жасау барысында АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен сауда-экономикалық әрекеттестіктерді жалғастыруға кепіл болатын механизмді іздестіріп жатқанын да мәлім етті.