Ресей Иранмен әріптестікті кеңейтуге мүдделі
РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Теһран-Мәскеу қарым-қатынасын дамытудың Иран мен Ресей халықтарының мүдделеріне сай екенін айтып, елінің Иранмен әріптестікті кеңейтуге ынталы екенін қуаттады.
Мария Захарова дүйсенбі күні ИИР ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын халықаралық қатынастарға қатысты заңдар мен критерийлерді ашық түрде бұзу деп атап: «Ресейдің АҚШ-тың басқа елдерге қарсы санкцияларына қатысты ұстанымы – санкцияларды қабылдамау және осындай заңсыз шараларға жақтаспау.
Мәскеу тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін басты негіз санайды. Басқа жағдайда өзара тиімді әріптестік пен ынтымақтастықты назарға алып, әрекет етеді. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы осы келісімнің барлық мүшесінің бірнеше жылдық талпынысын аяқ асты етті»,-деді.