Әлемдік мұнай бағасына қатысты болжамдар артты
Қар 13, 2018 22:40 Asia/Almaty
Халықаралық энергетикалық агенттік мұнай бағасына қатысты болжамдарын арттырды.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық энергетикалық агенттік энергетикалық нарық жайлы жариялаған жаңа есебінде: "Қыркүйек айында геосаяси өзгерістерге байланысты, атап айтқанда Венесуэлланың өндіріс көлемінің төмендеуі мен кейбір ірі экспорттаушы елдердің шешімдеріне байланысты мұнай бағасы көтеріліп, 2014 жылдан бері алғаш рет барреліне 80 доллар көрсеткіштен асты.
Қазіргі таңда әлем елдерінің энергетика секторына қатысты саясаттарын назарға алатын болсақ, әлемдік мұнай бағасы мен мұнайға деген сұраныстың артуы болжанып отыр",- деп мәлімдеді.
Тегтер