Натан Сейлс "Иран лаңкестікті қолдайды" деген уәж айтты
(last modified Wed, 14 Nov 2018 09:06:59 GMT )
Қар 14, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Натан Сейлс

АҚШ Мемлекеттік департаментінің лаңкестікке қарсы күрес істерін үйлестірушісі Натан Сейлс сейсенбі күні өз елі басшыларының Иранға қарсы бос сөздерін жалғастырып, Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Натан Сейлс "Вашингтон Таяу Шығыс саясаттары үшін" зерттеу орталығында АҚШ-тың одақтастарынан "Иранның есептерін" өзгертуді талап етіп, Вашингтонның одақтастарының қолдауынсыз бұл есептерді өзгерте алмайтынын айтты.

Сейлс, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының қайтарылғанына тоқталып, АҚШ-тың Иранның әлемнің қаржы жүйесімен байланысын тоқтату үшін барлық құралдарды пайдаланатынын мәлімдеді. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққаннан кейін Иранға қысымдарын арттырды.