Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Ресейге сапармен барды
https://itolqyn.com/news/world-i39921-Иранның_Мәдениет_және_исламдық_бағдар_министрі_Ресейге_сапармен_барды
ИИР-ның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Санкт-Петербургтегі VII халықаралық мәдени форумға қатысу мақсатында бейсенбі күні Ресей астанасы Мәскеуге барды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 15, 2018 23:18 Asia/Almaty
  • Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Ресейге сапармен барды

ИИР-ның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Санкт-Петербургтегі VII халықаралық мәдени форумға қатысу мақсатында бейсенбі күні Ресей астанасы Мәскеуге барды.

VII халықаралық мәдени форум бүгін бейсенбіден бастап үш күн бойы әлемнің көптеген елдерінің мәдениет министрлері, жоғары деңгейлі саяси басшылары, мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәдени белсенділер мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген атақты профессорлардың қатысуымен Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында басталады.

Бұл форумға ИИР-ның Мәдениет және исладмық бағдар министрі Сейіт Аббас Салеһи ИИР-ның Ресейдегі елшісі Меһди Санаимен бірге қатысуда.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі сарапшылар отырысында көне ескерткіштерді сақтау тақырыбында сөз сөйлеп, Эрмитаж мемлекеттік мұражайын аралады.

Салеһи бұл сапарында Ресейдңің Мәдениет министрі Владимир Мединский және осы форумға қатысатын басқа да тұлғалармен кездесіп, сұхбаттасуды жоспарлап отыр.

Санкт-Петербургтегі халықаралық мәдени форум 15, соның ішінде білім беру, туризм, кино, өнер және мұражайтану секілді салалар бойынша өтеді.