Пәкістан Иранға азат етілген бес ирандық шекарашыны қайтарды
(last modified Fri, 16 Nov 2018 11:33:57 GMT )
Қар 16, 2018 17:33 Asia/Almaty
  • Пәкістан Иранға азат етілген бес ирандық шекарашыны қайтарды

Пәкістан СІМ-нің ақпарат хатшысы "Джейш ул-золм" (Зорлық-зомбылық әскері) лаңкестік тобының қолынан босатылған бес ирандық шекарашыны Иранға қайтарғанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Фейсал бейсенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Пәкістанның қауіпсіздік және әскери күштерінің көмегімен "Джейш ул-золм" лаңкестік тобының тұтқынында болған бес ирандық шекарашының босатылып, Иранға қайтарылғанын хабарлады.

Пәкістан СІМ-нің ақпарат хатшысы азат етілген шекарашылардың аман-есен екенін, олардың Иран күштеріне қайтарылғанын хабарлады.

Мұхаммад Фейсал сондай-ақ, Иран мен Пәкістан арасындағы екіжақты талпыныстар мен басқа ирандық шекарашыларды азат етуге бағыттылған үйлесімдік жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың қазан айының он бесі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Мирджаве аймағындағы бейтарап шекарада қызметте болған 12 ирандық шекарашы революцияға қарсы лаңкестік топтар тарапынан ұрланып, Пәкістан территориясына тасымалданған болатын.