Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы бір саябаққа "Исфахан" атауы беріледі
ИИР-ның РФ-дағы елшісі ресейліктердің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласындағы бір саябаққа "Исфахан" атауы берілетінін хабарлады.
ИИР-ның РФ-дағы елшісі Мехди Санаи сенбі күні Санкт-Петербург қаласында "Парсы нұсқалары" атты шығыстану мұражайын аралап: "Екі ел басшылары арасында ауқымды мәдени әріптестік жасалып жатыр. Исфахан облысы әкімінің Санкт-Петербург қаласына сапары барысында тараптар арасында жақсы келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде Санкт-Петербург қаласындағы бір саябақты "Исфахан", ал Исфахан қаласындағы бір саябақты "Санкт-Петербург" деп атауға келісім жасалды",-деді.
Санаи Санкт-Петербург қаласы делегациясының осы айда Исфаханға сапары жоспарланғанына тоқталып, Санкт-Петербург қаласы әкімшілігінің Иранмен әріптестік жасауды көздейтінін айтты.