Иранның Мәдениет министрі Эрмитажды аралады
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Санкт-Петербургтегі Эрмитажды аралады.
Сейед Аббас Салехи Санкт-Петербургтегі Эрмитажды аралаған соң, бұл мұражайдың директоры Михаил Пиотровскиймен кездесуінде бұл мұражайдың жәдігерлерін Иранда, ал Иран мұрайжаларының жәдігерлерін Эрмитажда көрсетуге болатынын айтты.
Салехи Иран мен Ресей мәдени қарым-қатынастары тамырының тереңге бойлағанына, Эрмитажда бұл жайттың жақсы байқалатындығына тоқталып: "Эрмитаж әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі ретінде Иранмен таныстыруға жақсы жағдай жасады",- деді.
Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский де мұражайдағы Иран туралы салонға парсы тіліндегі дыбыстық нұсқаулықтың дайындалғанын, онда ирандық жәдігерлер туралы толық мәліметтің ұсынылатыын мәлімдеді.