Иранның Мәдениет министрі Эрмитажды аралады
https://itolqyn.com/news/world-i39970-Иранның_Мәдениет_министрі_Эрмитажды_аралады
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Санкт-Петербургтегі Эрмитажды аралады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 18, 2018 20:43 Asia/Almaty
  • Иранның Мәдениет министрі Эрмитажды аралады

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Санкт-Петербургтегі Эрмитажды аралады.

Сейед Аббас Салехи Санкт-Петербургтегі Эрмитажды аралаған соң, бұл мұражайдың директоры Михаил Пиотровскиймен кездесуінде бұл мұражайдың жәдігерлерін Иранда, ал Иран мұрайжаларының жәдігерлерін Эрмитажда көрсетуге болатынын айтты.

Салехи Иран мен Ресей мәдени қарым-қатынастары тамырының тереңге бойлағанына, Эрмитажда бұл жайттың жақсы байқалатындығына тоқталып: "Эрмитаж әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі ретінде Иранмен таныстыруға жақсы жағдай жасады",- деді.

Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский  де мұражайдағы Иран туралы салонға парсы тіліндегі дыбыстық нұсқаулықтың дайындалғанын, онда ирандық жәдігерлер туралы толық мәліметтің ұсынылатыын мәлімдеді.