Новак: Мәскеу АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын мойындамайды
Қар 19, 2018 15:30 Asia/Almaty
Ресейдің Энергетика министрі Мәскеудің АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты түрде жүзеге асырған санкцияларын ресми түрде мойындамайтынын мәлімдеді.
TASS ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Александр Новак жексенбі күні Мәскеудің Иранмен ынтымақтастық жасауға бағытталған механизмдерді іздестіруді жалғастыра беретінін, сондай механизмдердің біріне ұлттық валюта негізіндегі тауар алмасу жататынын айтып: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары Ресей үшін соны мәселе емес. Себебі, 2015 жылы бұл санкциялардың күші жойылғанға дейін де Мәскеу Теһранмен сауда-экономикалық ынтымақтастық байланыс жасап келді",- деді.
Тегтер