Иран мен Ресей арасындағы сауда екі елдің ұлттық валюталары арқылы жүргізіледі
https://itolqyn.com/news/world-i40021-Иран_мен_Ресей_арасындағы_сауда_екі_елдің_ұлттық_валюталары_арқылы_жүргізіледі
Ресейдегі Иранның елшісі Санаи Иран мен Ресей арасындағы сауданың ұлттық валюталар арқылы жүргізілетінін, қазір де екі ел саудасының 20 пайызының ұлттық валюталармен жасалып жатқанын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 21, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасындағы сауда екі елдің ұлттық валюталары арқылы жүргізіледі

Ресейдегі Иранның елшісі Санаи Иран мен Ресей арасындағы сауданың ұлттық валюталар арқылы жүргізілетінін, қазір де екі ел саудасының 20 пайызының ұлттық валюталармен жасалып жатқанын айтты.

Ресейдегі Иранның елшісі Меһди Санаи «Ресей-24» телеарнасына берген сұхбатында Иран мен Ресейдің Орталық банктері арасында ұлттық валюталарды пайдалану туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын, Иранның кейбір мемлекеттермен, соның ішінде Ирак және Қытаймен ұлтық валюталарымен сауда жасап жатқанын мәлімдеп: « АҚШ доллар арқылы басқа елдерге өз талаптарын қабылдатуды мақсат еткен жағдайда ұлттық валютамен есептесуден басқа жол қалмады. Америкалықтар өздері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иран апатқа ұшырайды деген қауесет таратты. Бірақ олардың болжамдары нәтижеге жетпеді. Олардың Иранның риалы құлдырайды деген үміттері іске аспады. Керісінше, қараша айында Иранның ұлттық валютасының салыстырмалы түрдегі нығаюына куә болды. АҚШ сегіз мемлекетке Иранның мұнайын сатып алуға рұқсат етті. Бұл Иранның мұнай экспортын нөлге жеткізу саясатының іске асырылмайтынын көрсетті» деді.