Могерини: Еуроодақ Орта Азиямен әріптестігін арттырады
(last modified Thu, 22 Nov 2018 10:07:25 GMT )
Қар 22, 2018 16:07 Asia/Almaty
  • Могерини: Еуроодақ Орта Азиямен әріптестігін арттырады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы бұл одақтың Орта Азия елдерімен әріптестігін нығайтуға шешім қабылдағанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сәрсенбі күнгі сұхбатында Еуроодаққа мүше елдердің Орта Азиямен әріптестікті нығайтуды және қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастықтарды қолдауды көздеп отырғанын, сонымен қатар Орта Азия елдерімен әріптестікті күшейтуді жалғастыратынын айтты.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы өзінің Еуроодақ пен Орта Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің алдағы отырысын басқаратынын мәлімдеп, отырыстың басты тақырыптарын осы аймақпен әріптестікті нығайтып, Еуроодақтың Орта Азияға қатысты жаңа стратегиясын таныстыру деп атады.

Әріптестікті нығайту мәселелері Еуроодақ пен Орта Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің 23 қарашада Брюссельде өтетін отырысында талқыланады.