Трамп Сауд Арабиясының басшыларын тағы бопсалады
АҚШ Президенті эр-Рияд басшыларын бопсалауды жалғастырып, Сауд Арабиясына мұнай бағасын түсіргені үшін алғыс айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Сауд Арабиясына саудиялық тілші Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты айтылған сынға қарамастан, бұл елді қолдайтынын мәлімдегеннен бір күн өткен оларды елді тағы бопсалады.
Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында Сауд Арабиясына мұнай бағасын төмендеткені үшін алғыс білдіріп, баға одан әрі төмендей түссе жақсы болатынын айтты.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Хашоғджидің өліміне жауапты деп айыпталғанына қарамастан, Трамп Сауд Арабиясын қолдау туралы шешімін оның мұнай бағасын төмен ұстап тұруымен байланыстырды.
Осындай жағдайда АҚШ-тың ОББ "Хашоғджи Мұхаммад бен Салманның бұйрығымен өлтірілген" деген нәтиже шығарды. Бұл Сауд әулеті басшылары үшін өте ауыр соққы болды.