Ислам әлемі мен АҚШ-тың қайшылығы – бостандық пен құл иеленушілік арасындағы қайшылық
(last modified Sat, 24 Nov 2018 11:32:09 GMT )
Қар 24, 2018 17:32 Asia/Almaty

ИИР президенті Рухани «Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде ислам әлемі мен АҚШ-тың қайшылығын бостандық және құл иеленушілікпен байланыстырды.

"Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция бүгін сенбі күні Теһрандағы Халықаралық конференциялар орталығында 100 елден келген 350-ден астам қонақтың қатысуымен "Құдс – ислам үмбеті бірлігінің өзегі" деген тақырыпта жұмысын бастады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани конференцияның басында барша мұсылмандарды Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) мәуліті мен имам Садықтың (ғ.с) туған күнімен құттықтап, негізгі мәселені АҚШ-тың қоқан-лоққысы мен мүдделері емес, халықтардың құқықтары мен мүдделеріне деген құрмет деп атап: "Тарихтағы озбыр үстемшілдер біздің жолымыз мен бағытымызды анықтай алмайды. Олардың айтуынша, кімнің қолында ең мықты қару болса, сол БҰҰ-да вето құқығына ие. АҚШ пен Ұлыбритания БҰҰ-да өздері үшін вето құқығына ие болып, кейін Таяу Шығыс аймағында жалған Израиль режимін қалыптастырды.

Батыс елдері мен олардың басында тұрған АҚШ-тың жоспарына қарамастан, біз, мұсылмандар бар күш-қуатымызбен зұлымдық пен қанаушылыққа қарсы тұруымыз қажет",- деді.

ИИР прездиенті сондай-ақ, аймақтың бүгінгі жағдайын, әсіресе Палестина, Ливия, Сирия, Йемендегі, тіпті Ауғанстан, Пәкістан мен Ирактағы жағдайдың мұсылман қоғамы үшін жағымсыз екендігін баса айтты.