Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр
(last modified Tue, 27 Nov 2018 12:50:00 GMT )
Қар 27, 2018 18:50 Asia/Almaty
  • Арақчи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы қиын жағдаймен  бетпе-бет келіп отыр

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Арақчи «Иран мен Еуропаның ядролық ынтымақтастықтары» атты Брюссельдегі үшінші семинарға қатысқанда сөйлеген сөзінде:

««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – маңызды саяси жетістік. Иран бұл келісімдегі өз міндеттемелеріне толығымен табанды. Бірақ, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық мүдделерін пайдаланатын лайық механизм іс жүзінде табылған жоқ»,- деді. Арақчи мұндай үдерістің жалғасуының жақсылықпен аяқталмайтындығын айтып, келісімнің қиын жағдаймен бетпе-бет келгенін ескертті.

"Иран мен Еуроодақтың ядролық ынтымақтастықтары» деген үшінші семинар дүйсенбі күні Брюссельде жұмысын бастап, бүгін сейсенбі күні аяқталды. Семинар Иран мен үш еуропалық мемлекет арасындағы қаржы мәселесіне қатысты келіссөздер жалғасып отырған жағдайда өтті.

«Ортақ қадам» – БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері №2231 қарар арқылы бекіткен халықаралық келісім. Бірақ, АҚШ-тың келісімнен біржақты түрде шығуы мен     санкцияларды қайта салуы келісімді бұзумен бірге Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты  бағдарламасындағы мүдделерін пайдалануға тосқауыл жасады. АҚШ Президентінің теріс шешімі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа мемлекеттер үшін жаңа жағдай қалыптастырды. Бүгін АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен санкциялары халықаралық компанияларды жаңа жағдаймен бетпе-бет келтіріп, олар келісімді жалғастырып, сақтап қалу үшін іс жүзіндегі әрекеттерді ойластыруға мәжбүр болып отыр. Еуроодақтың АҚШ-тың қысымына қарсы тұруынан басқа амалы қалмағанымен бұл әрекеттердің қандай мөлшерде нәтижеге жететін, жетпейтіні белгісіз.

"Reed Smith" құқық компаниясының санкциялар жөніндегі маманы Бретт Хиллис Еуроодақтың бағдарламаларында Иранда жұмыс істейтін еуропалық компанияларды қиын жағдайдан шығаратын еш нәрсе қарастырылмағанын айтты.

"Dechert" ұйымындағы аға заңгер Роджер Мэттьюз де Еуроодақ олардың мақсаттарына жетуге көмектесу үшін заңға қарсы тұруға қажет күш көрсетуі керек деп санайды.

Демек, Еуроодақтың ірі компаниялардың Ирандағы жұмысын жалғастыру саласындағы әрекеттері жеткіліксіз. Осыған Орай Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Брюссельде сөйлеген сөзінде Еуропа ядролық саладағы бейбіт ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін арнайы қаржы механизмі мен 3-ші қосымшаны іске асыруы қажет екенін мәлімдеді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 3-ші қосымшасында екі жақты ынтымақтастыққа қатысты көптеген жобалар қарастырылған. Соның ішінде Бушер стансасын сынақтан өткізу мен Еуроодақтың 25 миллиондық инвестициясымен ядролық қауіпсіздік орталығын құру саласындағы ынтымақтастықты атауға болады.