Иранның Энергетика министрі Мәскеуге келді
https://itolqyn.com/news/world-i40128-Иранның_Энергетика_министрі_Мәскеуге_келді
Иранның Энергетика министрі Ресей басшыларымен кездесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының 15-ші отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 28, 2018 21:38 Asia/Almaty

Иранның Энергетика министрі Ресей басшыларымен кездесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының 15-ші отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді.

 

Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан екі күндік Ресей сапарының бірінші күні Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездескен соң сол елдің Солтүстік Кавказ министрімен де кездесіп, пікір алмасады.

Иран мен Ресей экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының соңғы отырысы 2018 жылдың наурыз айында Мәскеуде өткен болатын. Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясы тасымал, стандарт, банктік қарым-қатынас, туризм, спорт және жастар, инвестиция, атом, жоғары оқу, өнеркәсіп, Еуразия экономикалық одағы, кеден, мәдениет, энергетика және кен салаларындағы 15 топта жұмыс жасайды.