Путин Иран мен Еуразия арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қойды
(last modified Thu, 29 Nov 2018 16:01:26 GMT )
Қар 29, 2018 22:01 Asia/Almaty
  • Путин Иран мен Еуразия арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қойды

РФ Президенті Владимир Путин сəрсенбі күні Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойып, оны заңға айналдырды. 

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл келісім алдымен 15 қарашада Думада, 23 қарашада РФ кеңесінде бекітілген. 
2018 жылдың 17 мамырында Астана қаласында Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойылды. 
Еуразия экономикалық комиссиясының басшысы Тигран Саргсян 17 мамырда келісімге қол қою барысында Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасындағы сауда көлемінің 2017 жылы 2,7 млрд долларға жеткенін айтты. 
Бұл келісім Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасындағы сауданың негізгі заңдарынан тұрады әрі Дүниежүзілік сауда ұйымы (WTO) заңдарына мейлінше жақын.