Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ екіжақты қатынастарды кеңейтеді
https://itolqyn.com/news/world-i40151-Иран_мен_Еуразиялық_экономикалық_одақ_екіжақты_қатынастарды_кеңейтеді
ИИР-ның Энергетика министрі мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) алқасының төрағасы Иран мен одақ арасында жуырда жасалған келісім негізінде екіжақты қарым-қатынастарды арттыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 30, 2018 14:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ екіжақты қатынастарды кеңейтеді

ИИР-ның Энергетика министрі мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) алқасының төрағасы Иран мен одақ арасында жуырда жасалған келісім негізінде екіжақты қарым-қатынастарды арттыру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Реза Ардаканиан бейсенбі күні кешке ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен Мәскеуде кездесіп, сұхбаттасты. Ресейлік тарап Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімнің жасалғанына ризалық білдіріп, соған берік болу қажеттігін баса айтты.

Реза Ардаканиан келісімнің жүзеге асырылуымен Иран мен Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения мен Қырғызстаннан тұратян ЕЭО-на мүше бес ел арасында тауар саудасы мен қызмет көрсету негіздерінің қалыптасатындығына үміт білдірді.