Еуропа Иранмен өзара әрекеттестік жасау мақсатында жаңа идеялар ұсынды
Иранның ядролық мәселесі бойынша келісімгер Аббас Арақчи еуропалық тараппен жуырда өткізген келіссөздерде жаңа идеялар мен әдістер, соның ішінде осы жүйені басқару және Еуропада тіркеуге байланысты әдіс-тәсілдердің талқыланғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сейіт Аббас Арақчи бейсенбі күні Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: ""Ортақ қадам" бағдарламасының Иран үшін оң тұстары азайып жатыр. Егер бұл жағдай жалғасатын болса, бұл келісім жойылып, Еуропаның оны қорғауға бағытталған талпыныстары еш нәтиже бермейді»,- деп баса айтты.
Арақчи Иран мұнайын экспорттау ісіне қатысты айтқан сөзінде: "АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Иран әрдайым мұнай экспорттаудың жолын тауып келді. Кейде мұнай импортын тоқтатып отырған Жапония секілді Иранның дәстүрлі тұтынушыларының күмәндануы мұнай экспорты көлемінің нөлдік деңгейге жетуіне себеп бола алмады.
Теһран Вашингтонмен келіссөз жүргізуге қатысты сенімнен айрылып, жаңа сұхбаттасулардың басталатындығына үміттің жоқтығына көзі жетті",- деді.