Америкалық басшы саудиялықтардың Йемендегі қылмыстарын қолдау үшін Иранға қарсы уәж айтты
(last modified Fri, 30 Nov 2018 14:20:03 GMT )
Қар 30, 2018 20:20 Asia/Almaty

АҚШ Мемлекеттік департаментіне қарасты Иранға қарсы шара қолдану тобының басшысы Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қолдау көрсетіп, Иранның аймақтағы ықпалына алаңдаушылық білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Брайан Хук бейсенбі күні Вашингтонда Anacostia-Bolling әскери базасында өткен баспасөз конференциясында Иранның Йеменге зымыран жібергені туралы уәжді қайталап, бұл әрекеттің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы екенін айтты.

Хук Иранның йемендік күштерге қару-жарақ жіберуге бағытталған талпыныстарын арттырғанын дәлелдейтін құжаттардың бар екенін айтты.

Reuters ақпарат агенттігі АҚШ-тың қару-жарақтардың қосалқы бөлшектері мен бөліктерін көрсетіп, "Иран Йемен мен Ауғанстанға қару-жарақ жіберді" деген уәж айтқанын хабарлады.