Путин: "Ортақ қадам" келісімі міндетті түрде сақталуы керек
Ресей Федерациясының президенті жұма күні кешке "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының маңыздылығын баса айтып, бұл халықаралық келісімді сақтап қалуды сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Владимир Путин Аргентинаның астанасы Буйнос-Айресте басталған "G 20" тобының саммиті аясында "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалуды Иранның ядролық бағдараламасымен байланысты текетірестердің жаңа толқынының басталуын алдын алуға септігін тигізетінін, сондықтан осы халықаралық келісімді сақтау үшін барлық қажет шараларды жүзеге асыру қажеттігін айтты.
Путин мұның алдында да "Ортақ қадамды" сақтап қалу қажеттігін бірнеше рет қуаттаған болатын.
Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР, Германия мен Еуропа одағы "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болып, оны қолдайтынын мәлімдеді.