Америкалық полиция қызметкері қара нәсілді азаматты өлтірді деп айыпталды
Жел 01, 2018 21:48 Asia/Almaty
Даллас қаласының прокуратурасы полицияның бұрынғы офицері Амбер Гуигерді америкалық қара нәсілді азаматты өлтірді деп айыптады.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амбер Гуигер осыдан бұрын АҚШ полициясына қара нәсілді азамат Бутам Джейннің үйіне қателесіп кіріп, оны оқ атып өлтіргенін хабарлаған болатын.
АҚШ полициясының түрлі нәсілдер, соның ішінде қара нәсілді жастарға қарсы қатігез әрекеттері соңғы жылдары күрт артты.
АҚШ-тағы азаматтық және құқықтық топтар осы елдің полициясында қызмет ететіндер арасында нәсілдік көзқарастардың күшейіп, олардың жүйелі түрде қара және басқа түсті адамдарды нысанаға алып жатқанын ескертті.
Тегтер