G20 саммитінде Сауд Арабиясының тақ мұрагері оқшау қалды
Сауд Арабиясының тақ мұрагері G20 саммитінде басқа қатысушы елдер басшыларының назарынан тыс қалды.
Wall Street Journal басылымы: «Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман G20 елдері басшыларының саммитында да саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджи өлімінің салдарымен бетпе-бет келді»,-деп жазды.
Осы хабарда айтылғандай, Мұхаммад бен Салман Джамал Хашоғджидің өліміне қатысы жоқтығын көрсету үшін Буэнос-Айрестегі жиындарға қатысуы пайдасыз болды. Саммитке қатысқан басқа елдердің оған көңіл аудармады.
Wall Street Journal АҚШ ОББ сараптамасының бір бөлігін жариялады. Онда Мұхаммад бен Салманның Джамал Хашоғджиді өлтіруге бұйрық бергені айтылған.
Ақпарат құралдарында G20 елдері басшыларының саммитына қатысты жарияланған суреттерден басқа елдер басшыларының Мұхаммад бен Салманмен кездесуге, тіпті оның жанында тұрғылары да келмейтіні байқалады.