Дүниежүзі армияларының жарысында ирандық таэквондошы жеңімпаз атанды
https://itolqyn.com/news/world-i40190-Дүниежүзі_армияларының_жарысында_ирандық_таэквондошы_жеңімпаз_атанды
Иранның 68 килограмм салмақтағы таэквондошысы Бразилияда өткен әлем армияларының жарысында алтын медальға ие болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 02, 2018 21:51 Asia/Almaty
  • Дүниежүзі армияларының жарысында ирандық таэквондошы жеңімпаз атанды

Иранның 68 килограмм салмақтағы таэквондошысы Бразилияда өткен әлем армияларының жарысында алтын медальға ие болды.

Амирмохаммад Бахши әлем армиялары жарысының үшінші күні Камерун, Канада, Бразилия және Болгария таэквондошыларын жеңіп, алтын медаль алды. Бұдан бұрын 58 килограммнан төмен салмақтағы Мұхаммад Каземи мен 54 килограммнан төмен категорияда Хамидреза Садри алтын медальдарға ие болды.

Әлем армиялары чемпионатының әйелдер мен ерлер арасындағы 24-ші кезеңі сегіз салмақ категориясында қарашаның 29 күні Рио-де-Жанейрода басталып, төрт күнге жалғасады.