Армения Иран үшін өте маңызды серіктес
Арменияның уақытша Премьер-министрі сәрсенбі күні Russia-24 телеарнасына берген сұхбатында ИИР-ның Армения үшін өте маңызды серіктес екенін айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Никол Пашинян, сондай-ақ, Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге тоқталып, келісімді Иран үшін Еуразия одағымен әсерлі әріптестікті бастауға берілген тиімді мұрсат деп атап,
Иран мен Армения арасында жылы қарым-қатынас пен тату көршілестік қатынасты сақтаудың Иран мен Еуразия одағына мүше елдер арасындағы байланыстың нығаюына септігін тигізетінін айтты.
Пашинян АҚШ-тың Иран мен Еуразия елдеріне тудырған қиыншылықтарын назарға алып, мұндай ынтымақтастықтардың екі тарап үшін де қолайлы мүмкіндік саналатынын айтты.
Ағымдағы жылдың 17 мамырында Астана қаласында Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойылды.