Помпео Ираннан жоғалып кеткен америкалық тыңшыны азат етуді сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i40328-Помпео_Ираннан_жоғалып_кеткен_америкалық_тыңшыны_азат_етуді_сұрады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы уәж айту жобасы аясында 2007-ші жылы жоғалған америкалық тыңшы Роберт Левинсонды азат етуді сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 11, 2018 15:54 Asia/Almaty
  • Помпео Ираннан жоғалып кеткен америкалық тыңшыны азат етуді сұрады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранға қарсы уәж айту жобасы аясында 2007-ші жылы жоғалған америкалық тыңшы Роберт Левинсонды азат етуді сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Майк Помпео Твиттердегі парақшасында: «Иран үкіметі Роберт Левинсонды кепілге алды. Сондықтан оны және басқаларды жылдам азат етуі керек»,- деп жазды.

АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы тыңшыларының бірі болған Левинсон 2007-ші жылы АҚШ-тың федералдық полициясының ұйымдастырылған қылмыспен күресу бөлімінің зейнеткері түрінде Иранға сапар шеккен көрінеді. Иран Сыртқы істер министрлігі Левинсонның тағдыры туралы Иран үкіметінің еш хабары жоқ екенін мәлімдеді.