Иран – әлемде есірткі контрабандасымен күрестегі алдыңғы шептегі ел
Иранның Есірткі контрабандасымен күрес полициясының басшысы Иран Ислам Республикасының әлемдік деңгейде есірткі контрабандасымен күрестегі алдыңғы шептегі ел ретінде танылғанын айтты.
Иранның Есірткі контрабандасымен күрес полициясының басшысы генерал Масуд Заһедиан Исламабадта өтіп жатқан есірткі контрабандасын бақылау мәселесіне арналған үшжақты отырыс аясында Иранның есірткі заттарымен күрестегі жетістіктеріне тоқталып: "2017 жылы Иранда 700 тоннаға жуық есірткі заттары анықталды. Олардың басым бөлігі Ауғанстан және Пәкістанмен ортақ шекаралардан табылды",- деді.
Пәкістан, Иран және Ауғанстанның жоғары лауазымды басшыларының есірткі контрабандасын бақылау мәселесіне арналған "Әлемдік қауіпсіздік саласының түйткілдеріне аймақтық-стратегиялық реакция" атты 13-ші отырысы сейсенбі күні Исламабадта басталды.