Әзірбайжан республикасы Арменияға жаңа айып тақты
(last modified Sun, 10 Apr 2016 02:02:14 GMT )
Сәу 10, 2016 08:02 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы Арменияға жаңа айып тақты

Әзірбайжан республикасының Қорғаныс министрлігі Армения осы елдің Қарабақ аймағындағы позицияларын түрлі қарулармен, соның ішінде минометпен нысанаға алуда деп мәлімдеді.

Әзірбайжан республикасы Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Армения армиясы миномет оқтары, граната атқыш және пулеметпен Қарабақ аймағындағы қақтығыс сызығындағы Әзірбайжан республикасының позицияларын нысанаға алуда. Қарабақ аймағының қорғаныс саласының басшылары Әзірбайжан республикасы да миномет ату арқылы қарымта әрекетке барып, екі жақ арасындағы атыс тоқтату келісімінің бұзылғанын айтуда.