АҚШ-та полиция қамауға алған 7 жастағы мигрант қыз бала өлді
Жеті жастағы гватемалалық қыз бала АҚШ-тың шекара полициясы қамауға алғаннан бірнеше сағаттан кейін шөл қысу мен психологиялық қысым салдарынан қаза болды.
«Вашингтон пост» газетінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Шекара полициясы АҚШ полициясына тапсырмақ болған қыз бала мен әкесін желтоқсанның алтысы күні Нью-Мексикада қамауға алды. Жеті жастағы қыздың физикалық және психологиялық мәселелері желтоқсанның жетісінде басталды. Оның дене қызуы шамамен 41 градусқа жетіп, дәл осы мәселе оның өліміне себеп болды.
Орталық Америка елдерінің, соның ішінде Гватемаланың мыңдаған мигранты Вашингтонның билікқұмар саясатынан туындаған кедейшілік пен зорлық-зомбылықтан құтылу үшін мигрантқа айналуға мәжбүр болды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп мигранттарға қарсы қатаң заңдарды пайдаланып, мигрант балаларды ата-аналарынан бөліп, олардың қиындықтарын одан сайын арттырып отыр.