АҚШ-тың қор биржасы төмендеді
(last modified Sat, 15 Dec 2018 08:49:06 GMT )
Жел 15, 2018 14:49 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың қор биржасы төмендеді

ҚХР-ның экономикалық өсу көрсеткішінің төмендеуі мен Ұлыбританияның Еуропа одағымен Brexit-ке байланысты келісіміндегі белгісіздік жағдайдың артуына байланысты алаңдаушылықтар АҚШ-тың қор биржасын бұрын-соңды болмаған деңгейге түсірді.

Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың қор биржасында жұма күні S&P 500 нарықтық индексі өткен сегіз айдың ішіндегі ең төмен көрсеткішке жеткен.

Бұл хабарламаға сәйкес, S&P 500 индексі 50 бірлікке төмендеп, 3 көрсеткішіне жеткен.

Ал Dow Jones өнеркәсіптік акцияларының орташа индексі 2018 жылдың көктемінен қазірге дейін 496 бірліктен айрылды.

АҚШ қор биржасындағы келесі бір маңызды индекстердің бірі Nasdaq Composite 159 бірлікке төмендеген.

Сарапшылардың пікірі бойынша, жұма күні АҚШ-тың қор биржасындағы көрсеткіштердің төмендеуінің басты себептерінің біріне Нью-Йорк қор биржасын дүрліктірген ҚХР–ның экономикалық өсу көрсеткішінің төмендеуі жатады.

АҚШ-тың қор биржасы көрсеткіштерінің күрт төмендеуінің келесі себебіне Ұлыбритания мен Еуропа одағының Brexit-ке байланысты келісіміндегі түсініксіздік жағдайының жалғасуы жатады.