Ресей Иранның мүддесін өзінің стратегиялық серіктесі ретінде қолдайды
РФ Президенті Владимир Путиннің Каспий маңы елдері істері жөніндегі арнайы өкілі Иранның Мәскеудің аймақтағы тарихи серіктестерінің бірі екенін, Ресейдің халықаралық деңгейде әрдайым Иранның мүддесін өзінің стратегиялық серіктесі ретінде қорғап келе жатқанын мәлімдеді.
Рамазан Абдулатипов Мәскеуде IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында екі елдің, әсіресе басшылар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тоқталып, әртүрлі салаларда, әсіресе экономика, мұнай мен газ салаларында қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айтты.
Путиннің Каспий маңы елдері істері жөніндегі арнайы өкілі Ресейде еркін сауда аймағының құрылғанына тоқталып: «Иранда мұндай аймақ бар. Ресейдің Астрахань қаласында да «Лотос» деп аталатын аймақ бар.
Бұл еркін аймақта ирандықтар ашқан мыңнан астам компания жұмыс істеп жатыр»,‑деді.