Ресейлік ирантанушылар Теһран мен Мәскеу байланыстарын арттырады
Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаи ресейлік ирантанушылар мен парсы тілі оқытушыларының орыс тілді елдерде Иран мен ирандықтарды таныстыруда әсерлі рөл атқаратының мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ресейдегі елшісі жексенбі күні Иранның Мәскеудегі елшілігінде өткен ресейлік ирантанушылар мен парсы тілі оқытушыларының 4-ші форумында ирантану ғылым мен ирантанушыларды Иран мен Ресей байланыстарының үлкен тірегі деп атады.
Меһди Санаидың айтуынша, әртүрлі елдерде ирантану жолында қадам жасап жатқан барлық адамдар Иран мәдениеті мен әдебиетіне тәнті болып, Хафиз және Сағди секілді парсы ақындарының өлеңдерін жаттайды.
Осы мәліметке сәйкес, соңғы төрт жыл ішінде жүзеге асырылған шаралардың арқасында парсы тілі Ресейде айтарлықтай дамып, парсы тіліне қызығушылық танытатындардың саны күн сайын артып келеді.