Палестинаны қолдағаны үшін америкалық мұғалім жұмыстан шығарылды
Жел 19, 2018 14:02 Asia/Almaty
Америкалық мғалім әйел Палестинаны қолдап, сионистік режимге қарсылық білдіргені үшін жұмыстан шығарылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Техастың мектептерінің бірінде сөзбен емдеу маманы ретінде жұмыс істеп жүрген америкалық мұсылман әйел Бахие Амави жұмыс келісіміндегі Израиль туралы баппен келіспегені үшін жұмыстан шығарылды. Бұл бап сионистік режимге қарсы бойкот жасамауды, режимнің экономикасына зиян тигізетін кез-келген іс-әрекетке қатыспауды қарастырады. Амави сөз бостандығын бұзғаны үшін Техастың Федералды сотына мектептің үстінен шағым түсірді.
Тегтер