Иран, Ресей және Түркия СІМ-нің Сирия Конституциясы комитеті туралы отырысы өтті
Женевада Иран, Ресей және Түркия Сыртқы Істер Министрлерінің Сирия Конституциясы комитеті туралы отырысы өтті.
Мұхаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров пен Мевлюд Чавушоғлу Астана келіссөздеріне кепіл елдер ретінде сейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистураның қатысуымен өткен үш жақты отырыста Сирияның тәуелсіздігі мен територриялық тұтастығын және сириялық тараптар мен БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен келісімге келу арқылы Сирия Конституциясы жөніндегі комитеттің жұмысын бастауға қажет жағдайды жеңілдетуді қуаттады.
ИИР аймақтың ықпалды мемлекеті ретінде Сириядағы дағдарыстың басталуынан бері оны саяси жолмен шешуді көздеді. Осы салада Иранның бастамасы және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен 2017-ші жылдың қаңтар айынан бері Астанада Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында келіссөздер басталды. Иран, Ресей және Түркия Президенттері Хасан Рухани, Владимир Путин мен Реджеп Тайеб Эрдоған өткен қыркүйекте Теһранда кездесіп, 12 баптан тұратын мәлімдемеде: «Сирия дағдарысы ешбір әскери жолмен шешілмейді. Бұл дағдарыс тек саяси келіссөздер арқылы ғана шешіледі»,- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, үш елдің басшылары Сирия Конституциясы жөніндегі комитеттің жұмысын бастауға көмектесетіндерін қуаттады. Мәлімдемеге сәйкес 2018-ші жылдың қаңтар айының 30 күні Ресейдің Сочи қаласында Сирияның ұлттық келіссөздері өтті. Де Мистура Сирия мәселесін дипломатиялық талпыныстар арқылы шешуді көздейтін Астана үдерісіне кепіл елдермен келіссөз жүргізуді қолдады. Бұл талпыныстар Сирия Конституциясын реттейтін комитеттің құрылуына себеп болды. Сириядағы атысты тоқтатудың кепілі болған үш мемлекет бұл келісімдерімен Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісін ілгерілетіп, Сочиде өткен Сирияның ұлттық келіссөздері Конгресінің кеңестерін іске асыруды жеңілдеткісі келді. Сирия Конституциясы жөніндегі комитеттің құрылуы сол жолда жасалған маңызды қадам болды.
Женева отырысына қатысушылар Сирия Конституциясы жөніндегі комитеттің бірінші отырысын алдағы жылдың басында Женевада өткізуге келісті. Барлық мүшелерінің келісіміне жету үшін Сирия Конституциясы жөніндегі комитет жұмысына олардың барлығы қатысуы және оның нәтижелері Сирия халқы көпшілігінің қолдауына ие болуы керек. Бұл салада үміттендіретін қадамдар жасалды. Де Мистура Астана үдерісіне кепіл елдердің талпыныстарының жалғасуын Сирия дағдарысын дипломатиялық жолдармен шешу және комитеттің нәтижеге жетуінің маңызды қадамы деп атады. Женева мәлімдемесінің сириялық топтардың келіссөздері мен БҰҰ-ның бақылауына негізделген Сирия Конституциясы жөніндегі комитеттің құрылуының Қаупісіздік кеңесінің №2254-ші қарары арқылы жеңілдетілгенін көрсетеді. Сириялық топтардың саяси келіссөздері, Сирияның ұлттық егемендігін қорғау, Сирия Конституциясы жөніндегі комитет мүшелері арасындағы теңгерімді әртүрлі тараптар қолдайтындай реттеу аталмыш комитеттің құрылуында қуатталған мәселелер болды. Сирияның Конституциясын өзгерту үдерісі тақырыптың маңыздылығы мен бұл елдің бірнеше жыл бойы дағдарысқа шырмалуына байланысты уақытты қажет етеді. Өйткені, бұл мақсатқа жету үшін барлық тараптар Конституция жөніндегі комитеттің міндеттеріне қатысты келісімге келуі керек.