700 америкалық діни қызметші балаларға жыныстық әлімжеттік жасады деп айыпталды
АҚШ-тың Иллинойс штатының Бас прокуроры Лиза Мадиган сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде сол штатта 700-ге жуық америкалық діни қызметшінің балаларға жыныстық әлімжеттік жасады деп айыпталғанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Лиза Мадиган: «Тексерістің бастапқы кезеңі көрсеткендей, католик шіркеуі өз қызметкерлерін бақылауға ала алмай отыр»,‑деп мәлімдеген.
Пенсильвания штатының Жоғары соты тамыз айында 300-ден астам католик діни қызметшінің өткен 70 жылда осы штатта кемінде 1000 балаға жыныстық әлімжеттік жасағанын, католик шіркеуі осы жылдар барысында заң бұзушылықтарды жасырып келгенін әшкерелеген соң Иллинойс штаты бұл мәселе туралы тексеріс жүргізе бастады.