Трамп Албанияның Иранға қарсы әрекетін қолдады
АҚШ президенті Албанияның екі ирандық дипломатты заңсыз түрде елден шығару әрекетін қолдады.
Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Албанияның премьер-министрі Эди Рамаға хат жолдап, Тирананың екі ирандық дипломатты елден шығарған әрекеті үшін ел үкіметіне алғыс білдірді.
Албания СІМ сәрсенбі күні ирандық екі дипломаттың дипломатиялық этикетті бұзғаны үшін елден шығарылғанынын мәлімдеді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Албания үкіметінің бұл әрекетіне реакциясында: "Бұл қастандық АҚШ пен сионистік режимнің қысымы және Иранға қарсы лаңкестік топтардың әріптестігі арқылы бұрыс уәждер негізінде және Иран мен Еуропа қатынастарын бұзу мақсатында жүзеге асырылған",- деді.