АҚШ-тың Қор биржасында үкіметтің тарауына байланысты көрсеткіштер күрт төмендеді
(last modified Sat, 22 Dec 2018 16:46:03 GMT )
Жел 22, 2018 22:46 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Қор биржасында үкіметтің тарауына байланысты көрсеткіштер күрт төмендеді

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ үкіметінің бір бөлігінің таралуына байланысты Қор биржасындағы көрсеткіштер күрт төмендеді.

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі жұма күні 2019 жылғы банктік мөлшерлеме көрсеткішін арттырғанымен, бұл шешім Қор биржасындағы көрсеткіштердің төмендеуіне кедергі бола алмады.

Нью-Йорк Қор биржасындағы Доу Джонс өнеркәсіптік индексінің орташа бағамы 414 бірлікке немесе 8/1 пайызға төмендеп, 22 443 бірлік көрсеткішіне жеткен.

S&P 500 қор индексінің көрсеткіші де жұма күні 1/2 пайызға төмендеп, NASDAQ қор биржасының акциялары да 3 пайызға жуық көрсеткішке төмендеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Конгрестің бюджетке байланысты келіспеушіліктерінің жалғасуына байланысты АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 12:00 де федералды үкіметтің бірқатар бөлігі таратылады.