Трамп үкіметінде отставкаға кету үдерісі жалғасуда
АҚШ Қорғаныс министрінің отставкасынан кейін осы ел Президентінің ДАИШ-пен күрес коалициясындағы арнайы өкілі де өз қызметінен бас тартты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональ Трамптың ДАИШ-пен күрес коалициясындағы арнайы өкілі Бред Макгарк сенбі күні Трамптың осы ел күштерін Сириядан шығару туралы шешіміне байланысты өз қызметінен бас тартты. Макгарк отставкаға кететінін АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис қызметтен бас тартқаннан 2 күннен кейін жариялады.
ДАИШ лаңкестерімен күрес коалициясындағы Трамптың арнайы өкілінің отставкаға кетуі америкалық қайраткерлердің осы ел әскерилерінің лаңкестікке қарсы миссиясының одан ары жалғасын табатынын айтқан жағдайда орын алып отыр.
Трамп 2017 жылдың қаңтар айында Ақ үйге келгеннен осы күнге дейін оның үкіметіндегі ондаған жоғары лауазымды тұлға қызметтен өз еріктерімен бас тартты немесе босатылды.