Шетелдер қор биржасынан Иран мұнайын сатып алуға өтініш жасады
(last modified Sun, 23 Dec 2018 15:56:25 GMT )
Жел 23, 2018 21:56 Asia/Almaty
  • Шетелдер қор биржасынан Иран мұнайын сатып алуға өтініш жасады

Иранның энергетикалық қор биржасының басқарушы директоры кейбір шетелдердің Иран мұнайын қор биржасынан сатып алуға өтініш жасағанын мәлімдеді.

Иранның  энергетикалық қор биржасының басқарушы директоры Сейдәли Хосейни: «Кейбір елдер елшіліктері арқылы мұнайды қор биржасынан сатып алу туралы ақпарат сұрастырып жатыр. Сондай-ақ, бірқатар шетелдік компаниялар тікелей келіссөздер жүргізіп, келісім жасайтын кодтарын алды»,- деді.

Хосейнидің айтуынша, қазір мұнай сатып алғысы келетіндердің саны аз емес. Ол қор биржасындағы мұнай мөлшері туралы: «Өткен апталарда мұнай сатып алу туралы көптеген ұсыныстар мен сұраныстар түсті. Бұл мұнай биржасыынң тартымдылығының жоғарылығын көрсетеді»,- деді.

Ағымдағы жылдың маусым айында шикі мұнай сату жобасы Иран үкіметі тарапынан қолдау тауып, қараша айында іске асырылды.