Америка әскерилерін Сирия территориясынан шығару туралы бұйрыққа қол қойды
АҚШ-тың отставкаға шыққан Қорғаныс министрі Пентагондағы қызметінің соңғы күндері америкалық әскерилерді Сирия территориясынан шығару туралы бұйрыққа қол қойды.
CNN арнасының мәліметі бойынша, Джейс Мэттистің бұл бұйрығы америкалық күштерді Сирия жерінен қашан және қалай шығаратынын анықтады.
Пентагон америкалық әскери күштердің Сириядан шығару туралы бағдарламасының егжей-тегжейін жарияламады.
Трамптың америкалық күштерді Сирия территориясынан шығару туралы тосын шешімі көп қарсылық тудырғаны соншалықты Мэттис бұл шешімге наразылық білдіріп, одан хабарсыз болғанын мәлімдеу үшін отставкаға кетті.
Мэттистің отставкаға кету туралы өтінішіне сәйкес кемінде екі ай осы қызметте қалуы күтілген жағдайда АҚШ президенті жексенбі күні Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған твитінде Мэттистің орынбасары Патрик Шанаханды Қорғаныс министрлігінің басшысы ретінде тағайындап, оның 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қызметіне кірісетінін мәлімдеді.