Еуроодақ сионистік режимнің қалашық салуын заңсыз деп атады
Еуроодақ өз мәлімдемесінде сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауында 2191 үй салу бағдарламасын заңсыз деп атады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің кеңсесі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Еуроодақтың Израильдің қалашықтар салу жобасына қатысты ұстанымының өзгермегенін айтып, сионистік режимнің басып алынған Палестина жерінде қалашық салуын халықаралық қарарларға қайшы деп атап:
"Израильдің қалашық салуды жалғастыруы аймақтағы бейбітшілік үдерісіне зиян тигізеді",-деп қуаттады.
Тель-Авив өткен бірнеше айда Палестина аудандарының тұрғындарының құрамы мен географиялық құрылымын сионистердің мүддесіне өзгеру мақсатында АҚШ-тың қолдауымен басып алынған жерлерде сионистік қалашықтарды дамыту бағдарламасын күшейтті.
Барлық сионистік қалашықтар халықаралық заңдар бойынша заңсыз болғанымен, Израиль құрылысты тоқтату туралы халықаралық талаптарға көңіл аудармай отыр.