Ресей: Иранның Сирияда қалуы екі елдің келісіміне байланысты
https://itolqyn.com/news/world-i40588-Ресей_Иранның_Сирияда_қалуы_екі_елдің_келісіміне_байланысты
РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның әскери кеңесшілерінің Сириядағы құзырын жалғастыруын Дамаск пен Теһран келісімімен байланыстырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 28, 2018 18:41 Asia/Almaty
  • Ресей: Иранның Сирияда қалуы екі елдің келісіміне байланысты

РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның әскери кеңесшілерінің Сириядағы құзырын жалғастыруын Дамаск пен Теһран келісімімен байланыстырды.

IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Мария Захарова апталық ақпарат отырысында сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Иранның Сириядағы құзыры туралы жуырдағы сөздеріне білдірген реакциясында: "Сирия Иранның әскери кеңесшілерін қабылдап отыр. Кез келген елде болу туралы шешім қабылдаушы елдің еркінде. Сирия – тәуелсіз ел. Сондықтан басқа елдердің әскери кеңесшілерінің өз территориясында болу-болмауы туралы шешім қабылдауға хақысы бар",-деді.

Захарова Астана бейбіт келіссөздерінің Сирия үшін пайдалы болғанын, Иран, Ресей мен Түркияның осы бейбіт келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді.

Ол Астана келіссөздері аясында жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін, Астана келіссөздері үдерісі Сирия конституциялық комитетінің құрылуына жағдай жасағанын айтты.