Иран Таяу Шығыста физика мен астрономия бойынша бірінші орында
(last modified Sat, 29 Dec 2018 15:41:00 GMT )
Жел 29, 2018 21:41 Asia/Almaty
  • Иран Таяу Шығыста физика мен астрономия бойынша бірінші орында

Scimago рейтинг жүйесі 2017 жылда Таяу Шығыста жарияланған ғылыми мақалалардың негізіндегі ең жаңа бағамдамасында Иранды аймақта физика мен астрономия бойынша бірінші, ал әлемде 13-ші орында деп жариялады.

Scimago рейтинг жүйесінің статистикалық мәліметтері бойынша, Иран 2017 жылда Таяу Шығыс елдері арасында физика мен астрономия саласындағы ғылым өндірісі бойынша бірінші орынға шықты.

Scimago Journal & Country Rank рейтинг жүйесінің зерттеулері көрсеткендей, Иран физика мен астрономия саласында жарияланған 7929 мақаламен басқа елдерден айтарлықтай айырмашылықпен бірінші орынға тұрақтады.

Ираннан кейін Түркия 4887 мақаламен екінші, Сауд Арабиясы үшінші орындарды иеленді.

Scimago рейтинг жүйесі Испанияның Гранада университетінде осы атаумен аталатын зерттеу тобы тарапынан жүргізіледі. Олар әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарын Scopus мағлұматтар базасында тіркелген ғылыми мақалалар саны бойынша бағалап, орын береді.

Бұл рейтинг әлемде университеттер мен зерттеу институттарын ғылыми тұрғыдан бағалайтын ең жаңа әрі жан-жақты жүйелердің бірі саналады.