Джон Болтон Анкара мен басып алынған Құдсқа сапар шегеді
(last modified Sun, 30 Dec 2018 14:49:35 GMT )
Жел 30, 2018 20:49 Asia/Almaty
  • Джон Болтон Анкара мен басып алынған Құдсқа сапар шегеді

АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дональд Трамптың Иранға қарсы әрекеттерімен ынтымақтастық жасау саласындағы өзінің сәтсіз талпыныстарының жалғасында қаңтар айында Түркия мен басып алынған Палестинаға сапар шегуде жалғастыруда.

Түркияның "Hürriyet" газетінің ғаламтор порталының мәліметі бойынша, Джон Болтон өз Твиттерінде қаңтар айында Түркия және сионистік режим басшыларымен кездесуін асыға күтіп жүргенін, ДАИШ-пен күрес және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты келесі шаралар туралы аймақтағы одақтастармен сөйлесетінін жазды.

Джон Болтон өткен қазан айында Ресей, Грузия, Әзірбайжан мен Арменияға сапар шегіп, АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерін ақтап, бұл елдерді Трамптың Иранға қарсы әрекеттеріне қатысты ынтымақтастық жасауға шақыруды көздегенімен  Джон Болтонның талпынысы сәтсіздікке ұшырады.