Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады
(last modified Tue, 01 Jan 2019 07:53:56 GMT )
Қаң 01, 2019 13:53 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады

Солтүстік Кореяның Лидері АҚШ санкцияларын жалғастыратын жағдайда, Пхеньянның қатынасын өзгертетінін ескертті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ын сейсенбі күні Жаңа жылдың  басталуына орай сөйлеген сөзінде: «Егер АҚШ Солтүстік Кореяға берген уәделерінде тұрмаса, Пхеньянның өз егемендігі мен мүддесін қорғайтын жолды таңдаудан басқа амалы қалмайды»,- деді.

Солтүстік Кореяның Лидері АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Корея түбегіндегі ортақ жаттығуларына қатысты айтқан сөзінде жаттығулардың қайшылық тудырып, аймақ қауіпсіздігін қатерге тірейтінін айтты.