Трамп 2019-шы жылы отставкаға кетуі мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i40699-Трамп_2019_шы_жылы_отставкаға_кетуі_мүмкін
АҚШ-тың бұрынғы президентінің кеңесшісі 2019-ші жылы елдің қазіргі президентінің отставкаға кетуге мәжбүр болатыны туралы болжам айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 04, 2019 15:34 Asia/Almaty
  • Трамп 2019-шы жылы отставкаға кетуі мүмкін

АҚШ-тың бұрынғы президентінің кеңесшісі 2019-ші жылы елдің қазіргі президентінің отставкаға кетуге мәжбүр болатыны туралы болжам айтты.

The News Week-тің мәліметі бойынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буштың кеңесшісі Алан Стейнберг: «Дональд Трамп 2019-шы жылы жазаланудан құтылу үшін отставкаға кетеді»,- деді. Стейнберг өз мақаласында Трамптың президенттік міндетінен заңды үдеріс арқылы кететініне сенбейтінін, бірақ мәміле негізінде, яғни өзі, перзенттері мен ұйымының заңмен қудалануының орнына отставкаға кететінін айтты.