Иран Сирияда тұрақтылық қалыптастыруға көмектесіп жатыр
(last modified Sat, 05 Jan 2019 14:57:40 GMT )
Қаң 05, 2019 20:57 Asia/Almaty
  • Иран Сирияда тұрақтылық қалыптастыруға көмектесіп жатыр

Ресейлік сарапшы Иранның Сирияның тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге айтарлықтай көмектесіп жатқанын айтты.

Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институтына қарасты Азия және Кавказды зерттеу орталығының басшысы Станислав Притчин сенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран Сирияның саяси дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісінде оң рөлге ие. Вашингтонның Иранның Сириядағы бүлдіргі рөлі туралы уәждері шындыққа жанаспайды. Уәждер саяси мақсат үшін айтылып отыр",-деді.

Притчиннің айтуы бойынша, Иран мен Ресей Сирияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және осы елдің армиясына әртүрлі аудандарды кейбір елдердің, әсіресе АҚШ-тың қолдауындағы лаңкестерден тазартуға көмектесуде маңызды рөл атқарады.

Ресейлік сарапшы Сирияда лаңкестікпен күрестің әлі аяқталмағанын айтып: «Сирия лаңкестерді толық жеңгенге дейін Иран және Ресеймен әріптестік жасауды қажет етеді. АҚШ Президенті Дональд Трамптың америкалық күштерді Сириядан толық шығару туралы саясаты анық емес, бұлыңғыр",-деді.  

 

 

Тегтер