Әлем қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i40727-Әлем_қаржы_дағдарысына_ұшырауы_мүмкін
Ресейдің Alpari компаниясының басшысы әлемнің қаржы дағдарысына ұшырау ықтималы жайлы болжам жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 06, 2019 15:14 Asia/Almaty
  • Әлем қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін

Ресейдің Alpari компаниясының басшысы әлемнің қаржы дағдарысына ұшырау ықтималы жайлы болжам жасады.

 

«Спутник» ақпарат агентігінің хабарлауы бойынша, Александр Разуваев 2019 жылы әлемде қаржы дағдарысы болу ықтималы туралы ескертіп: «Осыдан былай сауда соғыстары күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналады. АҚШ Орталық банкінің пайыздық бағамының өсуі әлем экономикасына қысқа уақытта кері әсерін тигізеді»,-деді.

Разуваев 2019 жылдың 2018 жылдан ауыр болатынын айтып, әлемнің экономикалық жүйесінің 2008 жылғы дағдарысқа ұқсас жағдайға түсу қаупі барын ескертті.