Жақында Иран мен Ресейдің ортақ теңіз жаттығуы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i40734-Жақында_Иран_мен_Ресейдің_ортақ_теңіз_жаттығуы_өтеді
ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иран мен Ресей Теңіз күштерінің жақын арада тактикалық және жедел көмек көрсету, құтқаруға дайын болу, сондай-ақ, теңіз қарақшыларына қарсы тұру жаттығуын өткізетінін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 06, 2019 22:57 Asia/Almaty
  • Жақында Иран мен Ресейдің ортақ теңіз жаттығуы өтеді

ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иран мен Ресей Теңіз күштерінің жақын арада тактикалық және жедел көмек көрсету, құтқаруға дайын болу, сондай-ақ, теңіз қарақшыларына қарсы тұру жаттығуын өткізетінін хабарлады.

Иран Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади ортақ жаттығу өткізудің Иран мен Ресейдің теңіздегі ынтымақтастықтарын стратегиялық және тактикалық жоғары деңгейге жеткізетінін мәлімдеді.

Адмирал Ханзади Каспий теңізін бейбітшілік пен достық теңізі деп атап, оның жағалауындағы елдердің де дәл осы ұстанымға ие екенін айтты.

Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Түркіменстан – Каспий жағалауындағы бес мемлекет.